Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Төреарық, Жусансай, Аққойлы ауылдарының тұрғындары спирттік ішімдіктен толығымен бас тартқан. Үш ауылдың дүкендерінде мүлдем ішімдік сатылмайды. Сондай-ақ, соңғы бес жылда аталған ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауыл тұрғындары тек ішімдіктен бас тартып қана қоймай, жастарды тәртіп бұзбауға және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрететіндерін айтады. – Балаларымызды әділ әрі тәртіпті болуға, үлкендерді құрметтеп, ұлттық […]