Түркістан облысы, Ордабасы ауданында мектептердің жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов жауапты орынбасарларына және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысына білім ошақтарына қатты отынның тиісті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ балабақшалардың қысқа дайындығына мониторинг жүргізуді жүктеді. Айта кету керек, ауданда мемлекеттік 66, жекеменшік 2 мектеп бар. Мемлекеттік мектептерді 8-і газбен, 56-сы қатты […]