Ордабасы ауданында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер саны артып келеді. Аудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылындағы «ЭКО ФУД» ЖШС-ң жұмысымен танысып, аудан экономикасына өзіндік үлесін қосып жатқан шаруашылыққа алғысын білдірді. Шаруашылықтың жалпы аумағы — 3,26 гектар. Оның ішінде 0,8 га жерге тоған қазылып, 15 мың бекіре шабағы жіберілген. Кәсіпорында жылына 1,4 млн сазан, 100 мың бекіре […]