Түркістан облысының 5 жылдығына орай өтіп жатқан «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Ордабасы ауданының мәдениет күндері жалғасып жатыр. Шараның екінші күнінде Этноауылда арқан тарту, қазақ күресі, гір тасын көтеру, асық ату, ләңгі ойнау, т.б. ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Ордабасылықтар қазақтың ұлттық тағамдар көрмесін жасақтап, қала тұрғындары мен қонақтарына жергемтөс, қарын бүрме, өрметөс секілді […]