Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін өртке қарсы киіммен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 918 миллион теңге бөлінеді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Құжатқа сәйкес, үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге қаражат бөлінеді. Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман […]