Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қаржыландыру ережелерін бұзу және үгіт-насихат ережелерін бұзу сайлау науқандарының өте маңызды аспектісі болып саналады. Ол үшін әкімшілік және конституциялық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Егер кандидаттардың штабтары ережелерді бұзса, бұл кандидатураларды алып тастауға да әкеп соғады», - деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров семинар қатысушыларына. ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын шығындар қалай қаржыланатынын түсіндірді. «Сайлауды қаржыландыру – сайлауды дайындау мен өткізуді қаржылық қамтамасыз етуге, сайлау алдындағы үгіт-насихатты қаржыландыруға байланысты шаралардың жиынтығы. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығындарды қаржыландыру ҚР Сайлау туралы конституциялық заңында жазылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру нормалары көзделген. Президент сайлауы осы мақсаттар үшін ашылатын жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Сайлау науқаны аясында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат шығындары қаржыландырылады», - деді С. Мұстафина.

Читать источник turkistan.tv
Семейде мұғалім шырша құру кезінде биіктен құлаған: білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Алматыда бірнеше аудан жылусыз қалды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды