Сонымен Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Дауыс беру құқығы бар тұрғындардың басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдаған. Дәлірек айтсақ, қазіргі президент 81,31 проценті дауыс жинады. Жигули Дайрабаев сайлаушылардың 3,42; Қарақат Әбден 2,6; Мейрам Қажыкен 2,53 пайыз дауыс жинаған. Ал Нұрлан Әуесбаевты электораттың 2,22; Салтанат Тұрсынбекованы 2,12 проценті таңдаған. Бәріне қарсымын деп дауыс бергендер 5,8 пайызды құрап отыр.