Орталық сайлау комиссиясы Amanat партиясының алдағы мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынған кандидаттарын тіркеді. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, Amanat партиясының партиялық тізіміне 90 адам енгізілген. Оның 29-ы – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл тізімге енгізілген кандидаттардың жалпы санының 32,2%-ін құрайды. «Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәжіліс депутаты болып […]