Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев алдағы уақытта баспана кезегін жасау құзіретін «Отбасы банкіне» беру жоспарланып отырғандығын атап өтті. Осыған байланысты «Отбасы банк» ұлттық даму институтына айналады. «Отбасы банкіне» аталған функциялар берілетіні ескеріліп, оны екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару көзделген. Сәйкесінше банктік және басқа да операцияларды лицензиясыз жүзеге асырады», – деді Шарлапаев Мәжілістің жалпы отырысында. […]