«Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев «Отбасы банк» салымшылары «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған ипотекаға қалай қатысатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін «Отбасы банк» акционерлік қоғамынан шот ашып, пәтер алатын ақшасын сондағы депозитке немесе арнайы шотқа жинап жүрген адамдар «7-20-25» бағдарламасының орнына ұсынылған жаңа бағдарламаға қатыса ала ма ? Бұл сұраққа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев жауап берді. «Бұйрық жобасына сәйкес, «Отбасы банк» салымшылары ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялана алмайды. «Отбасы банк» салымшылары сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялануы үшін жинаған қаражаттарын шешіп алуы тиіс», - деп жазылған вице-министрдің ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында. Еске сала кетейік, министрлік жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарын «Ашық НҚА» порталында жариялап, көпшілік талқысына ұсынған болатын. Вице-министрдің мәліметі бойынша, бұйрық жобасы бүгінде Ұлттық экономика және Қаржы минитрліктерінің келісімін алмаған. «Алдағы уақытта жоғарыда атап өткен министрліктер келісімін берген жағдайда, бұйрық жобасы Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржыландыруынан соң өтініштер азаматтардан қабылданатын болады», - дейді министрдің орынбасары.

Читать источник turkistan.tv
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды