Арыс қаласында болған жарылыстан 5 жыл өтсе де әлі күнге өтемақы ала алмағандар бар. Олардың ісіне қатысты Түркістанда апелляциялық сот отырысы өтті. Ол бір сағатқа созылып, онда тұрғындардан сот істің мән-жайын, қолдарына қанша қаражат берілгенін сұрады. Арызданушылардың сөзінше, қираған мүлкін арнайы комиссия келіп есептеген. Дегенмен одан кейін ешкім ат ізін салып, іздеп келмеген. Сосын шарасыз тұрғындар адвокат жалдап, аппелациялық сотқа беруге мәжбүр болыпты. Енді арызданғандардың үні қыркүйектің 9-ы күні облыстық сотта бастан-аяқ тыңдалады.