Түркістан облысы, Отырар ауданында «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Олар өзара әңгімелесе отырып, шығармашылықпен айналысады, медициналық көмек алады, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдануға болады. Орталық ғимараты түрлі заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда: тұз шахтасы, медбике кабинеті, автоматтандырылған түрлі массаж құрылғылары, […]