Әскерге бару әр азаматтын абыройлы міндеті. Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Өңірде екі науқанда 2000 жасты Қарулы күштер қатарына жіберу көзделген. Олар Ұлттық Ұлан, ҰҚК, щекара қызметінің сапында болып, отан алдындағы борышын өтейді. Отырар ауданынан әр науқанда әскер қатарына 200 сарбаз баруы тиіс. Отырарлықтар бұл жолы жерлестерін барынша сән-салтанатымен шығарып салды. Ел арасында пәленшенің кәмелетке толған баласын көшеден әскерге сүйреп алып кетіпті деген әңгімелер мен видеолар әлем желіде желдей есіп жүр. Дегенмен әскери борышкерлерді анықтауға, оларды әскерге шақыру пунктеріне жеткізуге құқылымыз дейді, - жауаптылар. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев тәуелсіз елімізге тірек болу, оның шекарасы мен тыныштығын кірпік қақпай күзету елжанды әрбір азаматтың қастерлі де қасиетті борышы екенін айтады. Әскерге шақырылғандардың бірі көксарайлық Әли. 2 курс студенті қатарымнан қалмайын деп борышын өтеуге аттанбақ. Ал оқуын бір жылдан соң да жалғастырам деп бекініп отыр. Ашығын айту керек, қоғам жастардың әскерге барғанын қолдайды, Әрі ондағы жағдайдың жайлы болуын қалайды.Ауған соғысының ардагері Серік Ақылов өз заманымен салыстырғанда қазіргі қазақ армиясында жастарға қолайлы жағдай жасалғанын айтады. Екеуін салыстыруға мүлдем келмейді деп отыр. Әскерге өз еркімен баруға ынталы бозбалалар баршылық. Бірақ олардың үлесі әскерден қашатындармен теңесіп келеді. Мәселен, Отырар ауданынан әр науқанда әскер қатарына 200 сарбаз баруы тиіс. Талап күшейді, тапсырыс жылдан жылға артты. Осыған орай жауапты мамандар жастарды әскерге ынталандырудың түрлі амалдарын табуға тырысып жатыр.