Түркістан облысы Отырар ауданында балабақша қызметкері тарапынан сексуалдық зорлық-зомбылық көрген бастауыш сынып оқушыларының саны 15-тен астам болуы мүмкін. Оның 14-і қыз бала, 1-уі ұл көрінеді. Бұл туралы белгілі адвокат Айман Омарова Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде айтты. Қорғаушының мәліметінше, оқушылардың жаппай зорлану жайты туралы «One-Stop-Service» жобасына Түркістан облысының тұрғындары хабарласып айтқан. Олардың жасы 5-10 жас […]