Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғыны, зейнеткер Әжекбар Қорғанбеков жаяу жүргіншілер көп жүретін «Ақтөбе» каналының бойына шағын көпір салып берді. Каналдың екі жағасын жағалай отырған тұрғындар бұған дейін ескі көпірден өтіп, мектепке баратын балаларының жағдайына алаңдап келген еді. Аталған көпірден отыздан аса отбасының 60-қа жуық баласы мектепке барып-қайтады. Бүгінде жаңадан салынған көпір ата-аналардың уайымын […]