Түркістан облысы, Отырар ауданында өндірілетін ұлттық сусын – шұбат бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қалтаға қонымды, сапасы жоғары. «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік коперативі жергілікті балабақшалар мен мектеп балаларын бір мезгіл сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Қазіргі таңда шаруашылық күніне 5000 литр түйе сүтін өндіреді. Мұнда қазір жалпы саны 12 адам жұмыспен қамтылған. […]