Ойыншық тапаншамен ломбард тонамақ болған жігіт сотталды. Бетперде киген 18 жастағы азамат қызметкерді қорқытып, 100 мың теңге талап еткен. Сотта оның кінәсі толық дәлелденіп, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі: «Іс бойынша тергеу жеделдетілген тәртіпте жүргізілді, сондықтан ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігіне сәйкес жаза ең жоғары мерзімнің ½ […]