Түркістан облысында полиция майоры өзіне қол салып, ажал құшты. Ал, марқұмның мәйітінің жанынан өлер алдындағы қоштасу хаты табылды. Ол жерде тәртіп сақшысы өліміне бастығын кінәлаған. Содан бері ес жия алмай жүрген Жүзеевтер отбасы арада екі ай өтсе де тергеудің мардымсыз жүріп жатқанын айтады. Және қысымнан қайтыс болды деген ұлдарының ажалына себеп болғандардың қатаң түрде жазалануын […]