Каллиграфия өнерінің Отаны саналатын Өзбекстанда “Халықаралық туризм зиярат апталығы” аясында жер-жерден көркем жазу өнерінің мамандары бас қосты. каллиграфия саласының мұсылман әлеміне кеңінен тараған 12 түрі бар. Бұл құранды оқып білу дәстүрі ислам дінімен бірге қалыптасып дамыған және даму үстінде. Бұл саланы игеру мәселесіне келсек, аталмыш өнерді меңгеруде ең бастысы адамның қарым-қабілеті. Ынты-жігермен қоса, көп еңбектену және ыждағаттықты талап етеді.