Өзбекстандық дәрігерлер Шымкентке келді. Шетелдік мамандар жергілікті дәрігерлердің оңалту еміндегі тәсілдерін өз тәжірибесіне енгізбек. Осы мақсатта көрші елден келген медицина мамандары қаладағы оңалту орталықтарына барып, сал дертіне шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарымен кездесті. 3 жастағы Хадиша екі айлық кезінде миына қан құйылып, сал болып қалған. Содан бері балақай тұрақты түрде оңалту орталықтарында ем қабылдап келеді. […]