Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Өзбекстанның «Global Textile Group» компаниясы тобының жетекшісі Музаффар Разаковты қабылдады. Кездесу барысында мақта шаруашылығын дамыту мен мақта шитінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Бірлескен жұмыстар атқару бойынша әзірленген жол картасына сәйкес, биыл Мақтаарал ауданындағы шаруалармен келісімшарт жасалып, 10 мың гектарға мақта егіледі. Ол үшін Өзбекстаннан жоғары сапалы 300 тонна мақта тұқымы […]