Түркістан облысының полицейлері түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау мақсатында, тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын атқарып келеді. Оған қоса әлеуметтік желілерге де үнемі мониторинг жүргізеді. Яғни, Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіден екі жолақты жолда авариялық жағдай туғызып, қос сызықты басып өткен көлікті анықтады. Жол ережесін бұзған «ВАЗ-21060» маркалы көлігінің жүргізушісі жергілікті тұрғын, 19 жасар […]