Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданды. Әйел адамның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 500 000 теңге несие рәсімдеген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Алаяқтық жолмен тұрғынды алдап, құрығына түсірген күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижелі іздестіру барысында жергілікті тұрғын алаяқ әйел полицияға жеткізілді. […]