Өзгенің атынан несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған азамат ұсталды. Түркістан қалалық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, атынан белгісіз біреу несие алып, 900 мың теңгеден астам шығын келтірген. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, іздестіру барысында күдікті анықталды. Ол жолаушы ретінде көлікке отырып, көлік иелерінің […]