Шілде айында Шымкент қаласы және Түркістан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшы орынбасары өз кабинетінде қамауға алынды. Оған «бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі пара алды» деген айып тағып отыр. Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі аталған жайтқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. «Қазіргі таңда іс Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотына […]