Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Түркістан облысының ауыл әкімдерінен пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады. Мәліметке сүйенсек, антикор өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімдігін тексеріп, ауылдық округтердің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен. Ал әкімшілік қызметкерлері тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражат берген. […]