Партиялық емес байқау орталығы 1800-ге жуық байқаушыны даярлады

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев айтты.  – «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-ның Түркістан облысы филиалы сайлау үдерісіне қоғамдық байқау жүргізу мақсатында құрылды. Бұл - әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кіреді. Сайлауға мониторинг жүргізу бойынша қыркүйек айының 14 жұлдызынан бастап 40-тан астам іс-шара өткіздік. Өңірдегі 17 аудан, қаладағы байқаушылармен 25 оқыту семинар-тренингі, бірінші сайлауға қатысатын жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша 5 және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдарымен 6 кездесу өтті. Сондай-ақ, байқаушыларға арналған тренингтер, аймақтық сайлау комиссиялары жұмыстарымен танысу бағытында 6 шара өтті, - деді Бақытжан Шәкірұлы. Спикердің сөзінше, сайлау уақытында ақпараттарды тиімді басқару және қағазбастылықты азайту мақсатында арнайы байқаушы блокноттары барлық байқаушыларға үлестірілген. «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-ның Түркістан облыстық филиалы 20 қараша күні өңірдегі 893 сайлау учаскесінде байқау жұмысын ұйымдастырады. Өкілдікте 17 координатор және әр сайлау учаскесінде екі азаматтан жалпы 1786 байқаушы бар. Бұл ретте, 90 мобильді байқаушы, заңгер және әлеуметтік желілерде сараптама жүргізетін еріктілер арқылы жұмыстар атқарады.  – Біз, азаматтық қоғам өкілдері демократияны дамытуды, қоғамның мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жақтаймыз. Алдағы сайлау - әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға. Ол елiмiздiң көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайды. Бiздiң басты мақсатымыз - бүкіл сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету, дауыс берудің ашықтығы мен жариялығының мүлтіксіз сақталуына атсалысу, - деді Б.Әшірбаев.    

Читать источник turkistan.tv
Күн күрт суытады
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды