Түркістан қалалық полиция басқармасына тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден үш бөлмелі пәтер алып беремін» – деп, 400 000 теңге ақшасын алып қайтармай қойған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні […]