Түнгі сағат 23:30 шамасында «Алматы-Термез» тас жолында патрульдеп қызметінде жүрген полицейлер көпірден секіргелі тұрған ер адамды байқап қалады. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған белгісіз адамды көрген Түркістан облысы Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Бағлан Жораұлы мен полиция аға лейтенанты Өткір Мэлсұлы оқиға орнына шұғыл жетті. Қос полицей тездетіп, жоғары көтеріліп, биіктен секірмек болған […]