Павлодар мұнай-химия зауытындағы гидротазарту қондырғысы қайта жаңартылғаннан кейін 160 мың тоннаға жуық дизель отынын өндіреді. Еліміздің солтүстік өңірлерінде -38 градус суыққа шыдамды дизель отыны ерекше сұранысқа ие. Қазмұнайгаздың баспасөз қызметі таратқан хабарламасында «Қайта құру жобасының мердігері «EPCM Group» компаниясы болды. Онымен Павлодар мұнай-химия зауыты EPC -келісімшартқа қол қойды», – делінген. Келісімшарт бойынша мердігер жобалау, жеткізу, […]