Қазақстан үкіметі Петропавл аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «АШЫҚ» НҚА сайтында жарияланған қаулы жобасында көрсетілген. «Cолтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Cолтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Кызылжар орман шаруашылығы» және «Соколовка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі – мекемелер) орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 230,1 гектар жер учаскелер елді […]