Елімізде пияздың бағасы тұрақталды, жағдай бақылауда. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің дерегінше, былтыр 1,2 млн тонна пияз жиналған. Оның 1 млн тоннасы Жамбыл облысында өндірілді. Елдегі тұтыну көлемі 300 мың тонна. Яғни экспорттауға мүмкіндік бар. Бірақ ішкі сұранысты қанағаттандыруға көңіл бөлініп отыр. Қазір Қазақстанда 70 мың тонна пияз қоры бар. Оның 30 мың тоннасы Жамбыл […]