Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына қарасты ойын сауық мекемесінің қызметіне тұрғындар біршама уақыттан бері шағымданып келген еді. Күнделікті даңғырлаған музыка, айқай шу тұрғындардың тыныштығын алған болатын. Қала тұрғыны Гүлнара Нұрғожаева аталған мәселені шешіп бергені үшін тәртіп сақшысына алғыс айтты. «Ақшоқы көшелерінің тұрғындарының жағдайына араласып, жоғары кәсіпқойлығы, адами жанашырлығы мен түсіністігі үшін Шымкент қалалық полиция бөлімінің қызметкері, […]