Салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі жұмысты жандандыру және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын жүргізу мақсатында, Түркістан облысының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шарада 100-ден астам мобильді топ құрылды. Жедел басқару орталығы, «Автоураган» 2 кешені мен «Қорғау» бағдарламасы мүмкіндіктерінің көмегімен айыппұлы төленбеген автомобильдерді анықтау және тұраққа жеткізу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Кибер-шериф», «Кардон-про», […]