Полицейлер браконьерден тіркелмеген мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі. Кентау қаласының тәртіп сақшылары "Охотзоопром" инспекторлары бірлесіп жүргізген рейд барысында, таулы аймақта күмән тудырған тұрғынды тоқтатқан. Тексеру кезінде ер адамнан «Мусин» маркалы тіркелмеген аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Бұл жайт қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша тіркеліп, болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.