Көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау және Түркістан облысының аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 2-8 қазан аралығында «Заңсыз келуші 2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Мәселен, «Заңсыз келуші» іс-шарасы кезінде Сауран аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлері алғашқы тәулікте уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асыратын 8 Өзбекстан азаматын анықтады. Белгілі болғандай, шетелдіктер Сауран ауданының […]