Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, атыс қаруын заңсыз сақтаудың кезекті фактісін анықтады. Жедел уәкілдер қабылданған шаралардың нәтижесінде, үйінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақтаған Жетісай ауданының екі тұрғынын, яғни әкесі мен ұлын анықтады. Полицейлер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде, «Юнкер» маркалы тіркелмеген қару, 16 калибрлі аңшылық мылтық, түрлі калибрлі патрондар, […]