Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен айыппұл төлемеген «Nissan Maxima» автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Яғни Жедел басқару орталығынан «Қорғау» бағдарламасы арқылы борышкердің автокөлігі бойынша хабарлама полиция планшетіне түсті. Осыдан соң полицейлер көлікті «Самара – Шымкент» тас жолында тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші жеке тасымалдаумен (такси) айналысатыны анықталды, ал айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты арттырумен […]