Саурандық тәртіп сақшылары «Түркістан-Кентау» тас жолы бойынан күмәнді шетелдік нөмірлі «ВАЗ-2114» маркалы көлікті тоқтатады. Тінту кезінде көліктің жүк салғышынан қос ұңғылы, 16 калибрлі шолақ мылтық табылды. Тәркіленіп алынған қаруға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» […]