Сарыағаш ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген жас қызды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті досының үйіне кіріп, жатын бөлмесінен тон мен алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрайды. Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің тағы бір ұрлыққа қатысы бар екенін […]