Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын мал ұрлығының құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Ер адамның айтуынша, үйінің маңында орналасқан қорасында тұрған 33 қойын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушілерге 2 миллион теңгеге жуық шығын келген. Полиция қызметкерлері аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеді. Ақпарат алысымен полицейлер жедел-тергеу тобын құрып, оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары […]