Рейд барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметі полицейлері бірлесіп, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінен заңсыз ақша айырбастаумен айналысатын 9 азаматты анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 7 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды.