«Мигрант» іс-шарасы барысында келестік полицейлер аймақтағы шетелдіктер көп тұратын және келетін орындарға, базарларға, құрылыс нысандарына тексеріс жүргізді. Тыңғылықты жұмыстар нәтижесінде тәртіп сақшылары аудан аумағында заңсыз жүрген 20 шетел азаматын анықтады. Оларға «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін ҚР-ның […]