Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел хабарласып, өзінің 8 жасар ұлының мектептен үйге қайта оралмағанын айтып көмек сұраған. Полицейлер бірден тіркеуге алып жоғалған баланы іздеп табу үшін барлық күшті жұмылдырды. Тәртіп сақшылары елді мекеннің барлық қараусыз қалған ғимараттарын, ауылға жақын аумақты түгел тексерді. Іздеуге ауыл тұрғындары қосылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жедел-іздестіруінің арқасында 2-сынып оқушысын […]