Түркістан облысында ерлі-зайыптылардың 11 айлық нәрестесі кенеттен ауа жетпей мазасыздана бастаған. Үйінде еңбектеп жүрген сәтте денсаулығы күрт нашарлаған нәрестені ата-анасы дереу ауруханаға жеткізбек болады. Алайда жолда баланың жағдайы ушыға түскен соң, әкесі қатты уайымдап, жан-жақтан көмек іздейді. Сол сәтте жол бойында патрульдік қызмет атқарып жүрген полицейлерді байқап, көмекке жүгінеді. Әкесі баласын дер кезінде ауруханаға жеткізе […]