Алматыда есірткі контрабандасының тұрақты арнасы жойылды. Күдіктілер АҚШ-тан пошта сәлемдемелері түрінде есірткінің ірі партиясын алып, ел аумағында өткізіп отырған. Нақтырақ айтсақ, халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттары Алматы, Петропавл, Семей мен Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларына алып барып, саудалаған. Жедел-тергеу шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан шамамен 8 келі марихуана мен 15 келіге жуық каннабис сығындысы тәркіленді.