Еңбегіне қарай құрмет. Өз жұмысын адалдықпен атқарған әр адам құрметке лайықты. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айырықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. […]