Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХI Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады, деп хабарлады Ақорда. Президент жиынға қатысушыларды ХІ Азаматтық форумның ашылуымен құттықтады. «Жиырма жыл ішінде бұл форумның тиімділігі мен қажеттілігі дәлелденіп, салмақты ойлар мен салиқалы пікірлер айтылатын алаңға айналды. Осында көтерілген жасампаз бастамалар мен ұтымды ұсыныстар азаматтық қоғамды дамытуға және жалпыұлттық келісімді нығайтуға тың серпін береді», […]