Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен келді. Рухани астанамызда Ұлттық құрылтай өтіп жатқаны белгілі. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді. Жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.