Түркістандықтар ауа-райының қолайсыздығынан жолда қалып кетуден қорықпаса болады. Себебі облыста арнайы жылу бекеттер жұмыс жасайды. Сондай-ақ аталған жылу бекеттер тиісті төсек орындар мен азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мәлім етті. Түркістан облысының қар басу қауіпі бар таулы аймақтардағы жолдарда қар тазалайтын 125 техника мен 4 жылыту бекеті бар. Бүгінде олар қажетті жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жыл басынан бері облыстағы әр тұрғынға дауылды ескерту бойынша 387 рет смс-хабарламалар жіберілген. Алыс жолға шығатын жолаушыларға құлаққағыс ретінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы алдына-ала 112 телефон-желісіне хабарласуды өтінді. Осылайша бара жатқан жеріндегі ауа-райын анықтаса болады екен.